Грузияда суррогат ана қызметіне толық тыйым салуды қарастырып жатыр

Редакция
24 қараша 2026, 13:09
Грузияда суррогат ана қызметіне толық тыйым салуды қарастырып жатыр Сурет авторы: isafertility.com

Грузия билігі суррогат ана бағдарламаларын ел азаматтары мен шетелдіктер үшін де тоқтатуды жоспарлап отыр.

Парламенттегі көпшілік жетекшісі Ираклий Кирцхалияның мәлімдеуінше, бұл қызметті пайдаланушылардың басым бөлігі - шетел азаматтары. Оның айтуынша, олар елден кеткеннен кейін балалардың және отбасылардың кейінгі жағдайын бақылау қиынға соғады.

Басқарушы партия аталған мәселені Грузия православие шіркеуімен талқылаған. Заң жобасы жақын апталарда парламентке ұсынылуы мүмкін.

Сондай-ақ жаңа өзгерістерде белгіленген тыйымды бұзғандарға қылмыстық жауапкершілік енгізу қарастырылып отыр.

Қазақстанда суррогат ана қызметіне тек некеде тұрған азаматтарға рұқсат етіледі. Ал 2026 жылдың шілдесінен бастап шетелдіктерге бұл қызметті пайдалануға тыйым салынды.

Баман Ислам 

Соңғы жаңалықтар