Дияр Нұрғожай америкалық файтерді 2-раундта нокаутқа жіберді

Редакция
22 қараша 2026, 00:10
Катарда өтіп жатқан UFC Fight Night 294 турнирінде Дияр Нұрғожай америкалық файтер Алик Лоренцті нокаутпен жеңді.
Дияр Нұрғожай америкалық файтерді 2-раундта нокаутқа жіберді Сурет авторы: Chris Unger/Zuffa LLC

Жартылай ауыр салмақта өтіп жатқан жекпе-жек үш раундқа жоспарланған болатын. Алайда екінші раундта Лоренц соққының астында қалып, төреші техникалық нокаут тіркеді.

Осылайша, Дияр Нұрғожай мансабындағы он үшінші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Екі рет жеңілген. Ал америкалық қарсыласы осымен үшінші

Қазақ жауынгері UFC-дегі бесінші жекпе-жегін өткізіп отыр. Алғашқы екі жекпе-жегінде жеңілсе, соңғы үш жекпе-жегінде мерзімінен бұрын жеңіске жетіп отыр.

Соңғы жаңалықтар