Қазақстанның 10 театры ALMATY THEATRE FEST фестивалінде қойылымдарын ұсынды
Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған ALMATY THEATRE FEST республикалық театр фестивалі мәресіне жетті. 15-20 қараша аралығында алты күн бойы еліміздің әр өңірінен келген кәсіби театр ұжымдары бір сахнада бас қосып, көрерменге түрлі жанр мен бағыттағы қойылым ұсынды.
Алматы әкімдігінің қолдауымен өткен фестивальге 10 театр ұжымы қатысты. Бағдарламаға Ғ. Мүсірепов, С. Сейфуллин, Н. Бекежанов, Б. Римова, Х. Бөкеева, С. Қожамқұлов атындағы театрлардың, Мемлекеттік академиялық қуыршақ театрының, А. Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театрының, Асанәлі Әшімов театрының және Silk Stage шығармашылық кеңістігінің қойылымдары енді.

Көрермен назарына «Войцек», «Сәйгүлік», «She is Aiel», «Жабайы алма», «Найзағай», «Қорғансыз», «Томирис», «Ортеке» және «Ромео мен Джульетта» спектакльдері ұсынылды. Бұл қойылымдар Қазақстанның қазіргі театр өнеріндегі жанрлық алуандылықты, көркемдік ізденістер мен шығармашылық тәжірибелерді танытты.
Фестиваль аясында кәсіби пікір алмасуға да ерекше мән берілді. Әр қойылымнан кейін театртанушылар, сыншылар, режиссерлер мен актерлердің қатысуымен талқылаулар өтті. Онда режиссерлік шешімдер, қойылымның көркемдік тұжырымдамасы мен актерлік шеберлік сараланып, қатысушылар өзара пікір және тәжірибе алмасты.
Сонымен қатар «Дәстүрлі өнер және заманауи театр кеңістігі» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Онда ұлттық театр өнерін дамыту, дәстүрді сақтау және оны қазіргі сахна кеңістігімен ұштастыру мәселелері талқыланды. Сала мамандары ұлттық театрдың бүгінгі үрдістері мен даму мүмкіндіктерін, шығармашылық ізденістің жаңа бағыттарын ортаға салды.
Фестиваль қорытындысы бойынша 10 театр ұжымының барлығына арнайы мүсінше, диплом және 1 млн теңгелік сертификат табысталды. Бұдан бөлек, сарапшылар алқасы театр өнерінің өкілдеріне арнайы марапаттар берді. «Сахна өнеріндегі кәсіби шеберлігі үшін» номинациясымен Қазақстанның халық артистері Лидия Кәденова мен Кеңес Жұмабеков марапатталды.
Сондай-ақ қазақстандық театр өнерінің көрнекті өкілдері Серке Қожамқұлов, Байділда Қалтаев, Айша Абдуллина, Рахия Қойшыбаева, Хабиба Елебекова, Кәукен Кенжетаев, Бикен Римова, Мәкіл Құланбаев, Зәмзәгүл Шәріпова, Ыдырыс Ноғайбаев, Фарида Шәріпова және Алтынбек Кенжеков атындағы арнайы марапаттар табысталды.

ALMATY THEATRE FEST еліміздің театр ұжымдары арасындағы шығармашылық тәжірибе алмасуға, кәсіби байланысты нығайтуға және мәдени ынтымақтастықты дамытуға жол ашты. Фестиваль қазақстандық сахна өнерінің дәстүрі мен заманауи үрдістерін тоғыстырған маңызды мәдени алаңға айналды.
Соңғы жаңалықтар
-
Асу Алмабаев Хоригутиге есе жіберді
1 сағат бұрын
-
Дияр Нұрғожай америкалық файтерді 2-раундта нокаутқа жіберді
1 сағат бұрын
-
Қазақстанның 10 театры ALMATY THEATRE FEST фестивалінде қойылымдарын ұсынды
6 сағат бұрын
-
Ауыл тұрғындарына қолайлы жағдай: ШҚО-да ветеринариялық жаңа нысан ашылды
1 күн бұрын
-
Грузия алты адамның өмірін қиған жарылыстан кейін аза тұту күнін жариялады
1 күн бұрын
-
Шымкентте пара алған ТЖБ маманы мен пара берген департамент басшысына сот үкімі шықты
1 күн бұрын
-
Қазақстанда алимент бойынша қарыз 19 млрд теңгеден асты
1 күн бұрын
-
ТМД ПАА ЖИ-ді экстремизмге қолдануға қарсы модельдік заң қабылдады
1 күн бұрын
-
Астанада ғылыми гранттың 297 миллион теңгесін жымқырғандар мен 1,7 миллион теңге пара алған сарапшы ұсталды
1 күн бұрын
-
Ғылыми жобаларға бөлінген 945 миллион теңге қолды болғаны әшкереленді
1 күн бұрын
-
Қазақстанның аграрлық экспорты 35 пайызға өсті
1 күн бұрын
-
Қосшыға дейінгі LRT үшін бұзылатын үйлердің тізімі әлі бекітілмеген
1 күн бұрын
-
Түркияның қор нарығындағы дауға байланысты 136 адам қамауға алынды
1 күн бұрын
-
АҚШ-ты дүрліктірген цифрлық дағдарыстан кейін Ақ үйде алғашқы ірі кадрлық шешім қабылданды
1 күн бұрын
-
Қазақстанда энергетикалық сусындарды сатуға толық тыйым салу ұсынылды
1 күн бұрын
-
Ақтөбелік студент оқуына жинаған 10 млн теңгеге жуық ақшасын алаяқтарға аударып жіберген
1 күн бұрын
-
ҚазҰУ-дағы қаза тапқан студент қызға қатысты тергеу басталды
1 күн бұрын
-
Оңтүстік Кореяның алып әуе компаниясы Қазақстан нарығына шығады: Korean Air алғашқы рейстерді қашан ашады
1 күн бұрын
-
Ақмола облысында жүк пойызы ер адамды қағып, көз жұмды
1 күн бұрын
-
Жалақы сақталады, демалыс көбейеді: Бразилия жұмыс аптасын қысқартып, қоғамдық көлікті тегін етпек
1 күн бұрын
-
Instagram көптен күткен функцияны іске қосты: Eнді жарияланған стористі өшірмей-ақ өзгертуге болады
1 күн бұрын
-
Астана әуежайында ұшақ тұрағы 20 есе қымбаттауы мүмкін
1 күн бұрын
-
Ақмола облысындағы жол жөндеуге бөлінген қыруар қаржы неге кері қайтарылды
1 күн бұрын
-
Емхана есігін тоздыру азаяды: Қазақстанда пациенттерді қабылдау ережелері түбегейлі өзгереді
1 күн бұрын
-
Мемлекеттік қосымшадағы ақау ма, әлде сынақ па: Қырғызстан президенттігіне үміткерлер тізімінен беймәлім есім табылды
1 күн бұрын
-
Кімнің жалақысына қанша қосылады: Үкімет дәрігерлер мен әлеуметтік қызметкерлерге төленетін жаңа үстемақы мөлшерін бекітті
1 күн бұрын
-
Тарифті ескертусіз өсіріп, ақылы қызмет қосып қойса не істеу керек: Оператордан ақша өндірудің жолдары
1 күн бұрын
-
Қазақстан цифрландыру бойынша Жапония мен Германияны артта қалдырды
1 күн бұрын
-
Жас емес, тәжірибе маңызды салалар қайсы: 55 жастан асқан қазақстандықтарға қандай мамандықтар қолжетімді
1 күн бұрын
-
Халық Кеңесі кәсіподақтар ұсынған 25 бастаманы жүйелеп, іске асыру жолдарын қарастырады
2 күн бұрын
-
ІІМ комитетінің бұрынғы басшысына жыныстық сипаттағы әрекетке мәжбүрлегені үшін айыппұл салынды
2 күн бұрын
-
25 миллион долларлық жемқорлық дауы: Моңғолия президенті қызметінен кетті
2 күн бұрын
-
«Бағдарлама сатып алумен іс бітпейді»: Тоқаев жасанды интеллектіні білім мен ғылымға терең енгізуді тапсырды
2 күн бұрын
-
Көрсеткіш 62 пайызға өскен: Елімізде қандай қатерлі ісік түрлері жиі анықталып жатыр
2 күн бұрын
-
«Самұрық-Қазына» қаржыландырып келген «Астана» футбол клубы жекешелендіріледі: Атышулы клуб қарашаның соңына дейін жекеменшікке өтеді
2 күн бұрын
-
Темір тордың ар жағында отырса да қызметі сақталды: «Самұрық-Қазына» экс-басшысы федерация президенті болып қала береді
2 күн бұрын
-
«Ешкімге кешірім болмайды»: Тоқаев жемқорларға қатысты қатаң ескерту жасады
2 күн бұрын
-
Белдікпен қорқытып, ән айтқызған: желіні шулатқан сарбаздардың видеосына Қорғаныс министрлігі жауап берді
3 күн бұрын
-
Нұрлан Жақыповтың орнына кім келеді? «Самұрық-Қазына» төңірегіндегі шудан кейін Бектенов мәлімдеме жасады
3 күн бұрын
-
Қазақстан балабақшаларында тәулік бойы аудиожазба жүргізу ұсынылды
3 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттарының бастамасымен аймақтарды дамытуға қосымша 47 миллиард теңге бөлінді
3 күн бұрын
-
Қазақстанда ер адамдар да отбасындағы зорлық-зомбылыққа шағымданады
3 күн бұрын
-
Шенеуніктердің демалыстағы суреттерін рұқсатсыз жариялауға шектеу талқыланды
3 күн бұрын
-
Балалардың телефоны бақылауға алынады: Ата-аналарға жаңа талап қойылмақ
3 күн бұрын
-
Қазақстанда ең төменгі жалақы ресми түрде 110 мың теңгеге көтерілді
3 күн бұрын
-
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшылары сот шешімімен қамауға алынды
3 күн бұрын
-
WhatsApp пен Instagram бұғаттала ма: Депутат Meta-мен келіссөздер қалай жүріп жатқанын айтты
3 күн бұрын
-
Мектептегі жақсы баға үшін берілетін кешбэк Исламда рұқсат етілген бе
3 күн бұрын
-
Әлеуметтік желілерде балағат сөз қолдануға тыйым салу: Жаңа заң жобасында қандай өзгерістер бар?
3 күн бұрын
-
Мыңдаған азаматтың құқығы қорғалып, 40 миллион теңге қайтарылды: Конституциялық Сот маңызды баяндама жасады
3 күн бұрын