Асу Алмабаев Хоригутиге есе жіберді

Редакция
22 қараша 2026, 00:19
Асу Алмабаев Хоригутиге есе жіберді Сурет авторы: UFC

Қазақстандық жауынгер Асу Алмабаев UFC-де тағы бір рет жеңілді. Катардағы UFC Fight Night 294 турнирінде ол жапониялық Кёдзи Хоригутиге төрешілер шешімімен жол берді.

Аса жеңіл салмақта өткен кездесу үш раундтың соңына дейін жалғасты. Нәтижесінде төрешілер жапон спортшысының жеңісін берді.

Алмабаев кәсіби мансабында төртінші рет жеңіліс тапты. Оның екеуі UFC-де болды.

Қазақстандық спортшы аса жеңіл салмақ рейтингінде 7-орында тұр. Бұл жеңілістен кейін ол рейтингте төмен түсуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар