«Сүлеймен сұлтан» сериалының жұлдызы есірткі мен жезөкшелік ісі бойынша ұсталды

Редакция
25 қараша 2026, 09:49
«Сүлеймен сұлтан» сериалының жұлдызы есірткі мен жезөкшелік ісі бойынша ұсталды Сурет авторы: muhtesemyuzyil.fandom.com

Әлемге әйгілі «Сүлеймен сұлтан» («Великолепный век») телехикаясында Сүлеймен сұлтанның қарындасы - Шах-сұлтанның рөлін сомдаған белгілі түрік актрисасы Дениз Чакыр құқық қорғау органдарының қолына түсті. Түрік басылымдарының мәліметінше, өнер иесі есірткі айналымы мен жезөкшелікке қатысты қозғалған атышулы қылмыстық іс аясында ұсталған.

Жергілікті журналистердің хабарлауынша, Ыстанбұл прокуратурасы жалпы саны 35 адамды қамауға алу туралы ордер берген. Күдіктілер тізімінде тек Түркияға ғана емес, күллі әлемге танымал жұлдыздар бар. Атап айтқанда, Дениз Чакырдан бөлек, әйгілі актер, әнші әрі жазушы Озджан Дениз бен «Қызыл бөлме» және «Өмір әні» сериалдарының режиссері Джем Карджидің де есімдері аталуда.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары тәркіленген цифрлық құрылғылардағы деректерді мұқият тексеріп, куәгерлер мен күдіктілерден жауап алуда. Атышулы іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар