Қарағанды циркінде акробат биіктіктен құлап, жарақат алды

Редакция
24 қараша 2026, 13:02
Қарағанды циркінде акробат биіктіктен құлап, жарақат алды Сурет авторы: arbatmedia

21 қараша күні Қарағандыдағы цирк қойылымы кезінде акробат бес метр биіктіктен құлаған. Бастапқыда жүргізуші әртістің жағдайы жақсы екенін, қол-аяғы зақымданбағанын хабарлаған.

Алайда оқиға орнына келген дәрігерлер оны тексеріп, кейін көпсалалы ауруханаға жеткізген.

КТК арнасының мәліметінше, тексеру нәтижесінде акробаттың жамбас сүйегі сынғаны анықталған. Қазіргі уақытта ол ауруханада ем қабылдап жатыр.

 

Баман Ислам

Соңғы жаңалықтар