Словакияда төрт қазақстандық студент полиция болып көрініп, ақша бопсалады деген күдікке ілінді

Редакция
22 қараша 2026, 10:16
СІМ Словакияда төрт қазақстандық тұтқындалғаны туралы деректі растады. Ұсталғандарға консулдар көмектесіп жатыр, туыстарына хабар берілді. Министрлік істі бақылауда ұстап отыр.
Словакияда төрт қазақстандық студент полиция болып көрініп, ақша бопсалады деген күдікке ілінді Сурет авторы: informburo

Оқиға Тренчин қаласында болған. TN Live басылымы былай деп жазды: бес жігіт іздеудегі бір ер адамның әжесінің үйіне барған. Есікті «полициямыз» деп ашқызған. Одан ақша талап етіп, ұрып-соққан деген күдік бар. Төртеуі сол жерде ұсталды, біреуі қашып кетті.

Күдіктілердің бәрі жас, 18 бен 21-дің арасында. Жергілікті университеттің студенттері.

Оларға тағылған айып бір топ болып адам ұрлау және бопсалау. Бірақ бір студенттің адвокаты келіспей отыр. Оның сөзінше, айыптың көбі «ойдан шығарылған». Оқиғаның басқаша болғанын көрсететін жаңа дәлелдер шығып жатыр дейді.

Сот шешімі әлі шыққан жоқ.

Соңғы жаңалықтар