Ерсайын Нағаспаев «ҚТЖ» компаниясын басқарды

Редакция
24 қараша 2026, 12:43
Ерсайын Нағаспаев «ҚТЖ» компаниясын басқарды Сурет авторы: samrukkazyna

«Самұрық-Қазына» басқармасының шешімімен Ерсайын Нағаспаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ хабарлады.

Айта кетсек , осыған дейін ол Өнеркәсіп және Құрылыс министрі қызметінен  Президент жарлығымен босатылды. Ерсайын Нағаспаев бұл қызметті 2025 жылдың ақпан айынан бастап атқарған.

 

Ислам Баман

Соңғы жаңалықтар