Жапонияда жанартау атқылады

Редакция
22 қараша 2026, 10:11
Жапонияда жанартау атқылады

Жапонияның оңтүстігіндегі Кагосима префектурасында Сакурадзима жанартауы күл шығарды. Жарылыс 21 қарашада жергілікті уақытпен сағат 14:35-те болды. Күл кратерден 1,2 шақырым биіктікке көтеріліп, оңтүстік-шығысқа қарай тарады.

Жапонияның метеорология агенттігі жанартау қаупінің бес деңгейінің үшіншісін әлі сақтап отыр. Билік қауіпті аймаққа кіруге тыйым салды. Кратерден екі шақырым радиуста ірі тастар ұшып шығуы мүмкін екенін ескертті.

Сакурадзима — Жапониядағы ең белсенді жанартаулардың бірі. Аралда 3,5 мыңдай адам тұрады. Олардың көбі егін, балық шаруашылығымен және туризммен айналысады. Жанартаудың қарсы бетінде, шығанақтың арғы жағында 600 мыңдай адам тұратын Кагосима қаласы орналасқан.

Соңғы жаңалықтар