Тоқаев отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның жаңа құрамын бекітті

Редакция
24 қараша 2026, 17:49
Тоқаев отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның жаңа құрамын бекітті Сурет авторы: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның жаңа құрамын бекітті. Тиісті Жарлық бүгін жарияланып, қол қойылған күннен бастап күшіне енді.

Құжатқа сәйкес, 2006 жылғы 1 ақпандағы №56 Жарлыққа өзгерістер енгізіліп, комиссия құрамы қайта жасақталды. Жаңартылған құрамға еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде белсенді танымал тұлғалар, депутаттар, журналистер, дәрігерлер, психологтар мен кәсіпкерлер енген.

Ұлттық комиссияның басшылық құрамы:

    • Жексенбай Бибігүл Нұрғалиқызы – «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша), Комиссия төрағасы
    • Имашева Снежанна Валерьевна – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Қазақстан Республикасындағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл (келісім бойынша), Комиссия төрағасының орынбасары
    • Мақжанова Назгүл Сейітқожақызы – кәсіпкер, Астана қаласы әкімінің гендерлік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі (келісім бойынша), Комиссия төрағасының орынбасары
    • Нұрахметова Гаухар Сердалықызы – гендерлік және отбасылық саясат саласындағы сарапшы (келісім бойынша), Комиссия хатшысы
    • Айтбаева Светлана Ермекқызы – Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Астана қаласы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі (келісім бойынша)
    • Апенко Инна Сергеевна – кәсіпкер, «Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсіп кәсіпкерлері қауымдастығы» заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер бірлестігінің вице-президенті (келісім бойынша)
    • Әлтекова Нұрсәуле Әбдіқадырқызы – «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің республикалық Достық үйі қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы (келісім бойынша)
    • Байсақова Зүлфия Мұхамедбекқызы – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты (келісім бойынша)
    • Бекбасова Жанар Арыстанбекқызы – стратегиялық коммуникациялар, қоғаммен байланыс және халықаралық ынтымақтастық саласындағы сарапшы, «Turan Business Development» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісім бойынша)
    • Гребенникова Галина Александровна – отбасын жоспарлау, жасөспірімдер мен жастардың денсаулығын қорғау саласындағы сарапшы, жоғары санатты дәрігер, «Қазақстандық жыныстық және репродуктивтік денсаулық қауымдастығы (КМПА)» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша)
    • Жандай Сана Шайханқызы – кәсіпкер, Алматы қаласының әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі (келісім бойынша)
    • Жандосова Баян Айтбекқызы – «Қазақстан әйелдерінің республикалық кеңесі» қоғамдық бірлестігінің филиалы – Шымкент қалалық әйелдер кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)
    • Қалтаева Ләззат Молдабекқызы – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, қоғам қайраткері, «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)
    • Қанай Гүлмира Әмірханқызы – «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының вице-президенті (келісім бойынша)
    • Қожалы Тоғжан Бақытжанқызы – қоғам қайраткері, «HAQ» қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы (келісім бойынша)
    • Миронюк Татьяна Александровна – «Ұлттық волонтерлік желі» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша)
    • Мұқажанова Раушан Мұратханқызы – кәсіпкер, «Адал Ас trade» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы (келісім бойынша)
    • Мүкей Айгүл Адиятоллақызы – журналист, қоғам қайраткері, «Jibek Joly» телеарнасының тележүргізушісі, «Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің қауымдастырылған профессоры (келісім бойынша)
    • Мырзабаев Ержан Қуандықұлы – отбасылық психолог (келісім бойынша)
    • Негай Николай Анатольевич – жоғары санатты дәрігер-психиатр, Дүниежүзілік психиатрия қауымдастығының Шығыс Еуропа елдеріндегі өкілі (келісім бойынша)
    • Рыстина Индира Садыбекқызы – «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма мүшесі – проректоры (келісім бойынша)
    • Савицкая Татьяна Ивановна – психолог, медиатор, Қарағанды қаласы әкімінің балалар мен отбасының құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі кеңесшісі, «Диалог» жанжалдарды шешу орталығы» жеке меншік мекемесінің басшысы, Кәсіби медиаторлар қауымдастығының президенті (келісім бойынша)
    • Сағынбаева Аяулым Зарлықанқызы – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының «Ақпараттық есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Демографиялық процестерді талдау және болжау орталығының басшысы (келісім бойынша)
    • Сәбитова Әлия Орманқызы – әлеуметтік кәсіпкер, «Инклюзивті қоғамды дамыту қауымдастығы» заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер бірлестігінің президенті (келісім бойынша)
    • Смышляева Юлья Дмитриевна – «Senim Qogamy» қоғамдық қорының директоры, «Жауапты ата-аналар академиясы» жобасының авторы (келісім бойынша)
    • Фазылжан Анар Мұратқызы – «А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры (келісім бойынша)
    • Хасенов Муслим Ханатұлы – құқықтық мәселелер жөніндегі халықаралық сарапшы, «М.С.Нәрікбаев атындағы ҚАЗГЗУ университеті» акционерлік қоғамының қауымдастырылған профессоры (келісім бойынша)
    • Шиманская Полина Викторовна – журналист, PR және көпшілік алдында сөз сөйлеу саласындағы сарапшы (келісім бойынша)
    • Шөжеева Азиза Тимурқызы – кәсіпкер, «TechnoWomen Non-profit Organisation» коммерциялық емес ұйымының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
    • Ысқақова Жұлдызай Амангелдіқызы – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Қазақстандық қоғамдық даму институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, саясаттанушы (келісім бойынша)

Соңғы жаңалықтар