Президент Ерсайын Нағаспаевты құрылыс министрі қызметінен босатты

Редакция
24 қараша 2026, 12:08
Президент Ерсайын Нағаспаевты құрылыс министрі қызметінен босатты Сурет авторы: inform.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев атқарып отырған лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі ресми түрде хабарлады.

Ведомство таратқан мәліметке сәйкес, Президент тиісті Жарлыққа қол қойған. Айта кетейік, Ерсайын Нағаспаевты бұл министрлікті 2025 жылдың ақпан айынан бері басқарып келген болатын, ал биыл қыркүйекте аталған қызметке қайта тағайындалған еді. Оның орнына кімнің келетіні әзірге белгісіз.

 

Соңғы жаңалықтар