Иранда хиджабсыз ән айтқан Парасту Ахмади жазаланды

Редакция
24 қараша 2026, 12:59
Иранда хиджабсыз ән айтқан Парасту Ахмади жазаланды Сурет авторы: BBC

Ирандық 29 жастағы әнші Парасту Ахмадиға хиджабсыз өнер көрсеткені үшін 74 дүре соғу жазасы тағайындалды. Осындай жаза онымен бірге өнер көрсеткен үш музыкант пен концерт ұйымдастырушысына да берілген.

Бұдан бөлек, оларға музыкалық және шығармашылық қызметпен айналысуға, сондай-ақ екі жыл бойы ел аумағынан шығуға шектеу қойылды.

Ахмади 2024 жылдың 11 желтоқсанында Дейр Гачин тарихи керуен сарайында музыканттармен бірге концерт өткізген. Көрермендер болмағанымен, шара YouTube желісі арқылы тікелей эфирде көрсетілген.

Соңғы жаңалықтар