Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекеті 2027 жылдың соңына дейін көліктер үшін жабылады

Редакция
23 қараша 2026, 16:01
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекеті 2027 жылдың соңына дейін көліктер үшін жабылады Сурет авторы: Depositphotos.com

25 қарашадан бастап Қырғызстандағы «Чалдыбар» өткізу бекеті арқылы жеңіл автомобильдер, автобустар және жүк көліктерін өткізу уақытша тоқтатылады. Бұл туралы Kaktus.Media басылымы хабарлады.

Шектеудің басты себебі - қазақстандық «Сыпатай Батыр» бақылау-өткізу пунктінде басталатын күрделі құрылыс жұмыстары. Айта кетейік, Қазақстаннан Қырғызстанға кіретін жүк көліктері үшін ішінара шектеулер 23 қарашада-ақ күшіне енген болатын. Ал 25 қарашада Астана уақытымен сағат 00:00-де (Бішкек уақытымен 01:00) «Чалдыбар» бекеті арқылы көліктің барлық түрінің қозғалысы екі бағытта да толығымен тоқтайды.

Шектеу тек көлік құралдарына қатысты, ал жаяу жүргіншілер шекарадан әдеттегі штаттық режимде еш кедергісіз өте алады. Қазақстан тарапының алдын ала мәліметінше, қос бекет арқылы көлік қозғалысын 2027 жылдың соңына қарай қайта жандандыру жоспарланып отыр.

Жолаушылар мен жүк тасымалдаушылар сапарларын жалғастыру үшін Шу облысындағы өзге бақылау-өткізу пункттерін пайдалана алады:

  • «Ақ-Жол»;

  • «Ақ-Тілек»;

  • «Кең-Бұлуң»;

  • «Тоқмақ».

Қырғызстанның Шекара қызметі шекарадағы көлік кептелісі мен кідірістерді болдырмау үшін жүргізушілерге бағыттарын алдын ала жоспарлауға кеңес береді.

Соңғы жаңалықтар