Түркияда оқу-жаттығу кезінде әскери тікұшақ құлап, борттағылардың бәрі қаза тапты

Редакция
25 қараша 2026, 09:45
Түркияда оқу-жаттығу кезінде әскери тікұшақ құлап, борттағылардың бәрі қаза тапты Сурет авторы: Кадр из видео в X

Түркияның орталығындағы Эскишехир қаласында оқу-жаттығу ұшуын орындаған әскери тікұшақ апатқа ұшырап, бес адам мерт болды. Бұл туралы NTV телеарнасы хабарлады.

Ұлттық қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қайғылы оқиға Әскери-әуе күштері қолбасшылығына қарасты AS-532 үлгісіндегі тікұшақпен оқу-жаттығу барысында болған. Әуе кемесінің ішінде болған бес әскери қызметкердің барлығы көз жұмды.

Қазіргі уақытта құлаған тікұшақтың сынықтары табылып, оқиға орнында іздеу-құтқару шаралары әлі де жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар