Қазақстандағы алғашқы UFC турнирі өтуі мүмкін екі ірі спорт аренасы аталды

Редакция
23 қараша 2026, 10:34
Қазақстандағы алғашқы UFC турнирі өтуі мүмкін екі ірі спорт аренасы аталды Сурет авторы: UFC

Қазақстанда өтуі мүмкін алғашқы UFC турнирін Алматыдағы «Алматы Арена» мен Астанадағы «Барыс Арена» қабылдауға дайын. Бұл туралы Ұлттық ММА федерациясының президенті Сағындық Мекеев мәлімдеді.

Оның айтуынша, аталған екі спорт нысаны да сыйымдылығы мен инфрақұрылымы жағынан халықаралық деңгейдегі жекпе-жек кешін өткізуге толық сәйкес келеді. Әр арена шамамен 12 мың жанкүйерді қабылдай алады, ал партердегі қосымша орындарды есептегенде көрермендер саны тағы екі-үш мыңға артады.

Еске сала кетейік, 19 қарашада Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қазақстанның UFC басшылығымен 2027–2028 жылдары елімізде алғашқы турнир өткізу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлаған болатын.

Соңғы жаңалықтар