ҰҚК «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталғанын ресми түрде растады

Редакция
12 қараша 2026, 12:23
ҰҚК «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталғанын ресми түрде растады Сурет авторы: HALYQSTAN

Елдегі ең ірі ұлттық компаниялардың бірінші басшыларына қатысты атышулы ақпарат ресми түрде расталды. 11 қараша күні ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Елжас Отыншиевті ұстады. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық қылмысқа қатысы бар деген күдікпен тағы бірқатар тұлға қолға түскен, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда істің барлық мән-жайын анықтау мақсатында кешенді тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы өзге деректер құпия сақталып, жария етілмейді.

ҰҚК өкілдері Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау және «Заң мен Тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.

 

Соңғы жаңалықтар