Қазақстанмен байланысы бар хакерлер Тәжікстан Қорғаныс министрлігінің құжаттарын ұрлады

Редакция
12 қараша 2026, 12:43
Қазақстанмен байланысы бар хакерлер Тәжікстан Қорғаныс министрлігінің құжаттарын ұрлады Сурет авторы: depositphotos.com

Қазақстанмен байланысы бар делінген хакерлер жасанды интеллектінің көмегімен Тәжікстан Қорғаныс министрлігі мен өзге де күштік құрылымдардың екі мыңнан астам құжатын ұрлап кеткен. Бұл туралы Reuters агенттігі киберқауіпсіздік сарапшыларының зерттеуіне сілтеме жасап хабарлады.

Зерттеу мәліметтері бойынша, Silent Lynx деп аталатын хакерлік топ шабуылды автоматтандыру үшін автономды ЖИ-агенттер платформасын пайдаланған. Олар Тәжікстанның мемлекеттік органдары мен теміржол жүйесіне кіріп, әскери сатып алулар, әуе кеңістігін пайдалану және шекара маңындағы құрылыстарға қатысты маңызды құжаттарды қолды еткен.

Сарапшылар бұл топтың Қазақстанмен байланысы барын шабуыл кезінде орыс тілінде жазысуы, Қазақстанның жұмыс уақытында белсенділік танытуы және қазақстандық интернет-провайдерлердің желілерін пайдалануы арқылы анықтаған. Дегенмен бұл деректер хакерлердің мемлекеттік құрылымдарға қатысы бар екенін толық дәлелдеуге жеткіліксіз.

Соңғы жаңалықтар