Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуы аясында Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын шақырады

Редакция
12 қараша 2026, 20:01
Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуы аясында Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын шақырады Сурет авторы: Ақорда

Ертең, 13 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің көлік-логистика саласын дамыту мәселелеріне арналған шұғыл отырысы өтеді. Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров ресми түрде хабарлады.

Айбек Смадияровтың мәлімдеуінше, алқалы жиын барысында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің нақты ұстанымын жеткізеді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы елдегі «Заң мен Тәртіп» қағидатының мүлтіксіз сақталуына, ұлттық компания жетекшілерінің дербес жауапкершілігіне және еліміздің стратегиялық маңызы бар кәсіпорындарының қызметіндегі заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету жайына айрықша назар аудармақ.

Соңғы жаңалықтар