Грузия алты адамның өмірін қиған жарылыстан кейін аза тұту күнін жариялады

Редакция
20 қараша 2026, 17:45
Грузия алты адамның өмірін қиған жарылыстан кейін аза тұту күнін жариялады Сурет авторы: www.m24.ru

Грузияда 22 қараша жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл шешім Поничала ауданындағы тұрғын үйдің бір бөлігін қиратып, алты адамның өмірін қиған газ жарылысына байланысты қабылданды. «Грузия Online» басылымының мәліметінше, үкімет өкім шығарып, аза тұту күні елдің барлық аумағында мемлекеттік тулар төмен түсіріледі.

Қайғылы жағдай 19 қарашада болған. Тұрғын үйдің бесінші қабатында табиғи газ жиналып, арты жойқын жарылысқа ұласқан. Ғимараттың бір бөлігі опырылып түсіп, үйінді астында жеті адам қалып қойған.

Құтқарушылар үйінді астынан ең алдымен жас қыз баланы алып шыққан. Дәрігерлердің айтуынша, оның қазіргі жағдайы қанағаттанарлық. Тағы төрт зардап шегуші ауруханаға жеткізілді. Барлығы бес адамға медициналық көмек қажет болған, олардың біреуінің халі өте ауыр, дәрігерлер өмірі үшін күресуде.

Түстен кейін өрт сөндірушілер үйінді астынан қаза тапқан алты адамның денесін шығарды, олардың бірі - бала.

Грузия ішкі істер министрі Сулхан Тамазашвили құтқару жұмыстары іс жүзінде аяқталғанын мәлімдеді. Ол қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, бұл оқиғаның бүкіл ел үшін орны толмас ауыр қаза екенін атап өтті. Іздестіру операциясы аяқталған соң оқиға орнына криминалистер кірісіп, жарылыстың нақты себептерін анықтайды.

Соңғы жаңалықтар