ТМД ПАА ЖИ-ді экстремизмге қолдануға қарсы модельдік заң қабылдады
Сурет авторы: Ж. Жұмабеков
Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебай бастаған Құрылтай делегациясы Түрікменстанның «Аваза» ұлттық туристік аймағында өткен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің жиыны мен 61-пленарлық отырысына қатысты.
Құрылтай Төрағасы пленарлық отырыста сөйлеген сөзінде 1991 жылдың 21 желтоқсанында Алматы декларациясына қол қойылуы ТМД елдерінің тарихындағы маңызды оқиға болғанын атап өтті. Бүгінде Достастық халықаралық деңгейде кеңінен танылған беделді өңірлік ұйымдардың біріне айналды.
Бүгінгі таңда ТМД біздің мемлекеттеріміздің арасындағы саяси диалогты, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту және жан-жақты мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету үшін тұрақты әрі біріктіруші платформа ретінде қызмет етуде. Сонымен қатар, парламенттік бірлік ТМД ішіндегі интеграциялық процестерге ерекше құқықтық тұрақтылық беріп, Достастықтың институционалдық негізін нығайтуда маңызды рөл атқарады. Қазақстан Республикасының Құрылтайы ұйым шеңберінде серіктестерімен одан әрі сындарлы өзара іс-қимылға дайын екенін білдіреді, – деді Айбек Дәдебай.

Бұдан кейін Құрылтай Төрағасы әріптестеріне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды саяси реформалар туралы айтып берді. Қоғам Әділетті, Қуатты, Таза және Прогрессивті Қазақстан құру идеясын қолдап, «Заң мен Тәртіп» қағидаты, ел бірлігі мен қоғамдық келісім төңірегінде топтасты. Жалпыхалықтық референдум нәтижесінде жаңа Конституция қабылданып, Вице-Президент лауазымы енгізіліп, Қазақстанның Халық Кеңесі өз жұмысын бастады. Бес саяси партияның өкілдері енген бір палаталы Құрылтай жасақталды. Осылайша, «Күшті Президент – ықпалды Құрылтай – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасы іс жүзінде жүзеге асырылуда.
Мемлекет басшысының жуырдағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауы мен соңғы жеті жылдағы жетістіктерге тоқталған Айбек Дәдебай Халықаралық валюта қорының болжамы бойынша, Қазақстанның ЖІӨ 2026 жылы 400 миллиард долларға жуықтап, ал оның жан басына шаққандағы үлесі 19 мың долларды құрайтынын атап өтті. 2027 жыл елді түбегейлі өзгертетін Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жарияланды. Барлық өңірде жолдар, әуежайлар, теміржол вокзалдары, денсаулық сақтау және басқа да әлеуметтік нысандар салынады. Сондай-ақ Құрылтай Төрағасы 2019–2025 жылдары Қазақстанға 155,8 млрд АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылып, 625 өндіріс орны іске қосылғанын жеткізді. Бұның бәрі еліміздің алдағы дамуына берік негіз қалайды.

Ынтымақтастықтың жаңа бағыттары туралы сөз қозғаған Құрылтай Төрағасы 9 қазанда Авазада өткен ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аталған ұйымның 2035 жылға дейінгі даму стратегиясын әзірлеу туралы бастама көтергенін еске салды. Айбек Дәдебайдың пікірінше, құжатта елдердің ұлттық заңнамаларын өзара үйлестіру және парламенттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту ісінде Парламентаралық Ассамблеяның рөлін нақты айқындау қажет.
Қазақстан делегациясы көлік саласындағы бірлескен жұмысқа қатысты да өз ұсыныстарын білдірді. Биыл мамырда ТМД үкімет басшылары Қазақстан Президентінің бастамасымен әзірленген негізгі көлік бағыттарын өзара байланыстыру Тұжырымдамасын қабылдаған еді. Онда «бірыңғай цифрлық дәліз» қалыптастыруға ерекше мән берілген. Ол тасымал үдерістерін цифрландыруды, электрондық құжат айналымын енгізуді және шекарадағы рәсімдерді өзара үйлестіруді көздейді. Осыған байланысты Құрылтай Төрағасы Ассамблеяға ТМД-ның транзиттік-көлік әлеуетін арттыруға атсалысып, бұл бағыттағы жұмыстарға қажетті парламенттік қолдау көрсетуді ұсынды.
Отырыстың күн тәртібіне көшкен Айбек Дәдебай ТМД елдері арасында көші-қон үдерістерін реттеудің ортақ тәсілдерін қалыптастыру және көші-қон саласын басқарудың цифрлық тетіктерін дамыту қажеттігіне назар аударды. Жасанды интеллект пен жаңа технологияларды террористік және экстремистік мақсатта пайдалануға қарсы іс-қимылдың заңнамалық негіздеріне жеке тоқталды. Құрылтай Төрағасы заңнама қазіргі сын-қатерлерге дер кезінде жауап беріп қана қоймай, жаңа технологиялардан туындайтын тәуекелдердің де алдын алуы керектігін атап өтті. Бұл ретте қауіпсіздікті қамтамасыз ету, инновацияларды дамыту және азаматтардың құқықтарын қорғау арасындағы тепе-теңдікті сақтау маңызды екенін жеткізді.
Сауда және әкімшілік кедергілерді жою, инвестициялық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ трансшекаралық су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері де күн тәртібінде көтерілді.
Пленарлық отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар Көші-қонның ортақ кеңістігі тұжырымдамасының жаңа редакциясын, «Жасанды интеллект пен робототехниканы террористік және экстремистік мақсатта пайдалануға қарсы іс-қимыл туралы» модельдік заңды, сондай-ақ бірқатар басқа модельдік заңдар мен ұсынымдарды қабылдады.
Отырыс қарсаңында, 19 қарашада Айбек Дәдебай ТМД ПАА Кеңесінің отырысына қатысып, әріптестеріне Құрылтай депутаттарының сайлауында Ассамблея атынан байқаушы болғандары үшін алғыс айтты.
Ассамблея аясында ТМД ПАА делегациялары басшыларының Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесуі өтті.

Сондай-ақ Құрылтай Төрағасы Түрікменстан Меджлисінің Төрағасы Дуньягозель Гулмановамен кездесті. Тараптар парламентаралық байланыстарды дамыту және екі ел басшылары қол жеткізген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ Құрылтай депутаттары ТМД ПАА-ның Саяси мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комиссиясы мен Құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының отырыстарына қатысты.

ТМД-ға мүше елдердің Парламентаралық Ассамблеясы 1992 жылы 27 наурызда Алматыда құрылған. ТМД ПАА-ға Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді.
Соңғы жаңалықтар
-
Ауыл тұрғындарына қолайлы жағдай: ШҚО-да ветеринариялық жаңа нысан ашылды
6 сағат бұрын
-
Грузия алты адамның өмірін қиған жарылыстан кейін аза тұту күнін жариялады
8 сағат бұрын
-
Шымкентте пара алған ТЖБ маманы мен пара берген департамент басшысына сот үкімі шықты
8 сағат бұрын
-
Қазақстанда алимент бойынша қарыз 19 млрд теңгеден асты
9 сағат бұрын
-
ТМД ПАА ЖИ-ді экстремизмге қолдануға қарсы модельдік заң қабылдады
10 сағат бұрын
-
Астанада ғылыми гранттың 297 миллион теңгесін жымқырғандар мен 1,7 миллион теңге пара алған сарапшы ұсталды
10 сағат бұрын
-
Ғылыми жобаларға бөлінген 945 миллион теңге қолды болғаны әшкереленді
10 сағат бұрын
-
Қазақстанның аграрлық экспорты 35 пайызға өсті
10 сағат бұрын
-
Қосшыға дейінгі LRT үшін бұзылатын үйлердің тізімі әлі бекітілмеген
11 сағат бұрын
-
Түркияның қор нарығындағы дауға байланысты 136 адам қамауға алынды
11 сағат бұрын
-
АҚШ-ты дүрліктірген цифрлық дағдарыстан кейін Ақ үйде алғашқы ірі кадрлық шешім қабылданды
13 сағат бұрын
-
Қазақстанда энергетикалық сусындарды сатуға толық тыйым салу ұсынылды
13 сағат бұрын
-
Ақтөбелік студент оқуына жинаған 10 млн теңгеге жуық ақшасын алаяқтарға аударып жіберген
13 сағат бұрын
-
ҚазҰУ-дағы қаза тапқан студент қызға қатысты тергеу басталды
13 сағат бұрын
-
Оңтүстік Кореяның алып әуе компаниясы Қазақстан нарығына шығады: Korean Air алғашқы рейстерді қашан ашады
14 сағат бұрын
-
Ақмола облысында жүк пойызы ер адамды қағып, көз жұмды
14 сағат бұрын
-
Жалақы сақталады, демалыс көбейеді: Бразилия жұмыс аптасын қысқартып, қоғамдық көлікті тегін етпек
14 сағат бұрын
-
Instagram көптен күткен функцияны іске қосты: Eнді жарияланған стористі өшірмей-ақ өзгертуге болады
15 сағат бұрын
-
Астана әуежайында ұшақ тұрағы 20 есе қымбаттауы мүмкін
15 сағат бұрын
-
Ақмола облысындағы жол жөндеуге бөлінген қыруар қаржы неге кері қайтарылды
15 сағат бұрын
-
Емхана есігін тоздыру азаяды: Қазақстанда пациенттерді қабылдау ережелері түбегейлі өзгереді
15 сағат бұрын
-
Мемлекеттік қосымшадағы ақау ма, әлде сынақ па: Қырғызстан президенттігіне үміткерлер тізімінен беймәлім есім табылды
15 сағат бұрын
-
Кімнің жалақысына қанша қосылады: Үкімет дәрігерлер мен әлеуметтік қызметкерлерге төленетін жаңа үстемақы мөлшерін бекітті
15 сағат бұрын
-
Тарифті ескертусіз өсіріп, ақылы қызмет қосып қойса не істеу керек: Оператордан ақша өндірудің жолдары
16 сағат бұрын
-
Қазақстан цифрландыру бойынша Жапония мен Германияны артта қалдырды
16 сағат бұрын
-
Жас емес, тәжірибе маңызды салалар қайсы: 55 жастан асқан қазақстандықтарға қандай мамандықтар қолжетімді
16 сағат бұрын
-
Халық Кеңесі кәсіподақтар ұсынған 25 бастаманы жүйелеп, іске асыру жолдарын қарастырады
1 күн бұрын
-
ІІМ комитетінің бұрынғы басшысына жыныстық сипаттағы әрекетке мәжбүрлегені үшін айыппұл салынды
1 күн бұрын
-
25 миллион долларлық жемқорлық дауы: Моңғолия президенті қызметінен кетті
1 күн бұрын
-
«Бағдарлама сатып алумен іс бітпейді»: Тоқаев жасанды интеллектіні білім мен ғылымға терең енгізуді тапсырды
1 күн бұрын
-
Көрсеткіш 62 пайызға өскен: Елімізде қандай қатерлі ісік түрлері жиі анықталып жатыр
1 күн бұрын
-
«Самұрық-Қазына» қаржыландырып келген «Астана» футбол клубы жекешелендіріледі: Атышулы клуб қарашаның соңына дейін жекеменшікке өтеді
1 күн бұрын
-
Темір тордың ар жағында отырса да қызметі сақталды: «Самұрық-Қазына» экс-басшысы федерация президенті болып қала береді
1 күн бұрын
-
«Ешкімге кешірім болмайды»: Тоқаев жемқорларға қатысты қатаң ескерту жасады
1 күн бұрын
-
Белдікпен қорқытып, ән айтқызған: желіні шулатқан сарбаздардың видеосына Қорғаныс министрлігі жауап берді
2 күн бұрын
-
Нұрлан Жақыповтың орнына кім келеді? «Самұрық-Қазына» төңірегіндегі шудан кейін Бектенов мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Қазақстан балабақшаларында тәулік бойы аудиожазба жүргізу ұсынылды
2 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттарының бастамасымен аймақтарды дамытуға қосымша 47 миллиард теңге бөлінді
2 күн бұрын
-
Қазақстанда ер адамдар да отбасындағы зорлық-зомбылыққа шағымданады
2 күн бұрын
-
Шенеуніктердің демалыстағы суреттерін рұқсатсыз жариялауға шектеу талқыланды
2 күн бұрын
-
Балалардың телефоны бақылауға алынады: Ата-аналарға жаңа талап қойылмақ
2 күн бұрын
-
Қазақстанда ең төменгі жалақы ресми түрде 110 мың теңгеге көтерілді
2 күн бұрын
-
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшылары сот шешімімен қамауға алынды
2 күн бұрын
-
WhatsApp пен Instagram бұғаттала ма: Депутат Meta-мен келіссөздер қалай жүріп жатқанын айтты
2 күн бұрын
-
Мектептегі жақсы баға үшін берілетін кешбэк Исламда рұқсат етілген бе
2 күн бұрын
-
Әлеуметтік желілерде балағат сөз қолдануға тыйым салу: Жаңа заң жобасында қандай өзгерістер бар?
2 күн бұрын
-
Мыңдаған азаматтың құқығы қорғалып, 40 миллион теңге қайтарылды: Конституциялық Сот маңызды баяндама жасады
2 күн бұрын
-
Мальдив аралдарына жету енді екі есе жеңілдейді: Қазақстан маңызды әуе келісіміне қол жеткізді
2 күн бұрын
-
Ресейде Ан-12 ұшағы апатқа ұшырады: Борттағы 19 адамның барлығы қаза тапты
2 күн бұрын
-
Жұмыстағы бейәдеп әзілдің соңы темір торға әкелуі мүмкін: Өзбекстан президенті жаңа заңға қол қойды
2 күн бұрын