Қазақстанда алимент бойынша қарыз 19 млрд теңгеден асты

Редакция
20 қараша 2026, 16:13
Қазақстанда алимент бойынша қарыз 19 млрд теңгеден асты Сурет авторы: Orda.kz

2026 жылдың алғашқы он айында елде алимент төлеуден жалтарған тұлғаларға қатысты 686 қылмыстық іс қозғалды. Бұл көрсеткіш 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,2%-ға артқан.

Жаңа қылмыстық істер бойынша келтірілген шығын көлемі 1 млрд теңгеден асты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 1,5 есе көп.

Әділет министрлігінің мәліметінше, 2026 жылдың ортасына қарай Қазақстандағы алимент бойынша жалпы берешек көлемі 19 млрд теңгеге жеткен. Қарыз 232 мыңнан астам азаматтың мойнында.

Жауапкершілікке тартылған борышкерлердің басым бөлігі жұмыссыздар болып шықты. Он ай ішінде олардың саны 507 адамды құрады, бұл жалпы алимент төлемеушілердің шамамен 87%-ын құрайды.

 

Баман Ислам

Соңғы жаңалықтар