$ 511.37 € 583.73 ₽ 6.46

Сот Трамптың басқа елдерге енгізген баж салығын заңға қайшы деп таныды

Редакция
29 мамыр 2025 12:41 58
Сот Трамптың басқа елдерге енгізген баж салығын заңға қайшы деп таныды Сурет авторы: AFP

АҚШ-тың халықаралық сауда бойынша федералды соты Дональд Трамптың басқа елдерге қатысты енгізген сауда баждарын заңсыз деп таныды. Бұл шешім 28 мамырда жергілікті уақытпен жарияланды.

Сот мәліметінше, АҚШ президенті салық енгізу үшін сүйенген Халықаралық төтенше экономикалық өкілеттіктер туралы заң (IEEPA) президентке шексіз өкілеттік бермейді. Мұндай шешімдерді көбінесе Конгресс қабылдауы керек. Президент тек ерекше және төтенше қауіп болған жағдайда ғана жеке шешім қабылдай алады, ал сот бұл жағдайда ондай қауіп көрмеген.

Трамп әкімшілігі сот шешіміне бірден шағым түсіретінін мәлімдеді. 

«Сайланбаған судьялар елдегі төтенше жағдайға қалай жауап беру керегін шешуге құқылы емес», – деген Ақ үй өкілі Куш Десаи әкімшілік бұл дағдарысты еңсеру үшін барлық атқарушы тетіктерді пайдаланатынын айтты.

Айта кету керек, бұл шешім Трамп әкімшілігі енгізген көліктер, автокөлік бөлшектері, болат пен алюминий импортына қатысты баж салығына әсер етпейді, өйткені олар басқа заң – Сауданы кеңейту туралы заң негізінде енгізілген.

Соңғы жаңалықтар