$ 511.37 € 583.73 ₽ 6.46

«Болашақ» халықаралық стипендиясының жаңа иегерлері анықталды

Редакция
29 мамыр 2025 14:06 52
«Болашақ» халықаралық стипендиясының жаңа иегерлері анықталды Сурет авторы: depositphotos.com

Қазақстанда Республикалық шетелде кадрлар даярлау жөніндегі комиссияның шешімімен 189 үміткерге «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды.

Биылғы байқау жаңа жүйе бойынша өтті. Кандидаттар бірнеше кезеңнен тұратын рәсімнен – кешенді тестілеу мен жеке сұхбаттан өтті. Мұндай өзгерістердің мақсаты – үміткерлерді таңдаудағы ашықтық пен әділдікті арттыру.

Нәтижесінде:
✅ 164 адам шетелдің жетекші университеттерінде магистратурада оқиды;
✅ 10 адам докторантура бағдарламасына қатысады;
✅ 15 маман халықаралық білім және ғылыми орталықтарда кәсіби тағылымдамадан өтеді.

Айта кетейік, «Болашақ» бағдарламасы 1993 жылдан бері іске асырылып келеді және Қазақстанның басым бағыттарында жоғары білікті кадрлар даярлауға арналған. Осы уақыт ішінде 14 мыңнан астам қазақстандық стипендия иегері атанды.

Соңғы жаңалықтар