$ 511.37 € 583.73 ₽ 6.46

Тоқаев бірнеше елшіні тағайындады

Редакция
23 мамыр 2025 10:57 100
Тоқаев бірнеше елшіні тағайындады Сурет авторы: Ақорда

Мемлекет басшысының Жарлықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының бірқатар шет мемлекеттердегі елшілері мен халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдері тағайындалды:

  • Еркебұлан Сәпиев – Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін сақтай отырып, Түркі мемлекеттері ұйымы жанындағы Тұрақты өкіл лауазымын қоса атқаратын болды;
  • Рауан Жұмабек – Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі (БАӘ) Елшісі болып тағайындалды;
  • Барлыбай Садықов – Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшісі, сондай-ақ Найробидегі БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкіл қызметін қоса атқаратын болды. Ол бұған дейін атқарған Эфиопиядағы Елші қызметінен босатылды;
  • Жалғас Әділбаев – Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Елшісі болып тағайындалды;
  • Сонымен қатар Нажмедин Мұхаметәліұлы Қазақстан Республикасының БАӘ-дегі Елшісі қызметінен босатылды.

Соңғы жаңалықтар