$ 511.37 € 583.73 ₽ 6.46

Астана мен Қарағанды арасында жаңа жүрдек электр пойыз қатынайды

Редакция
29 мамыр 2025 15:02 56
Астана мен Қарағанды арасында жаңа жүрдек электр пойыз қатынайды Сурет авторы: rbc.ru

Астана мен Қарағанды арасында жазда жаңа жүрдек электр пойызы жүре бастайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Жанібек Тайжанов хабарлады.

Оның айтуынша, жаңа пойыз биыл қаңтардан бері Астана – Бурабай курорты бағыты бойынша қатынап жүрген пойызға ұқсас болады.

«Электр пойызы жазда келеді», – деп нақтылады комитет басшысы.

Сондай-ақ Тайжанов 2024 жылдың төртінші тоқсанынан бастап Қарағанды мен Павлодардан Бурабай курортына дейінгі электр пойыздарының маршруттары ұзартылғанын айтты.

Соңғы жаңалықтар