$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Ақтөбе әуежайында шұғыл қонған ресейлік ұшақтың жолаушысы қаза тапты

Редакция
27 мамыр 2025 15:07 168
Ақтөбе әуежайында шұғыл қонған ресейлік ұшақтың жолаушысы қаза тапты Сурет авторы: Instagram/ aktobe_airport

Ақтөбе әуежайының баспасөз қызметі хабарлағандай, ресейлік Nordwind авиакомпаниясының Boeing-777 ұшағы жолаушының жағдайы күрт нашарлаған соң шұғыл түрде Ақтөбе әуежайына қонды.

Ұшақ Екатеринбургтен Сочиге бет алған. Ұшақ 27 мамыр күні сағат 12:40-та қонды.

«Борттағы жолаушының жағдайы күрт нашарлағаны туралы ақпарат түскен соң әуежайда төтенше қызметтер мен медициналық бригада дереу жұмылдырылды. Өкінішке қарай, барлық көрсетілген шараларға қарамастан, 1983 жылы туған әйел ұшақ Ақтөбеге қонғанға дейін көз жұмды», – деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Қазір оқиғаға байланысты тиісті органдар жұмыс істеп жатыр. Авиакомпания әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Соңғы жаңалықтар