$ 511.37 € 583.73 ₽ 6.46

Қарағандыда күштеп қайыр сұратқан қылмыстық топтың төрт мүшесі сотталды

Редакция
26 мамыр 2025 14:40 65
Қарағандыда күштеп қайыр сұратқан қылмыстық топтың төрт мүшесі сотталды Сурет авторы: ашық дереккөзден

Қарағандыда төрт адамнан тұратын қылмыстық топ бірнеше жыл бойы мүгедек ер адам мен оның серігін күштеп қайыр сұрауға мәжбүрлеп келген. Олар күніне 20–40 мың теңге жинап, ақшаны топ басшысына тапсырып отырған.

Топтың бастығы бұл адамдарды қорқытып, бала құқықтарымен де манипуляция жасаған. Олардың сәбиін әпкесіне беруге мәжбүрлеп, баланың құжатын алып қойған. Тіпті өзі қамауға алынған соң да түрмеден топты басқара берген.

Сот үкімі бойынша топ басшысына 17 жыл түрме жазасы, қалған үш адамға 12 жылдан жаза кесілді. Сонымен қатар зардап шеккен тарапқа бірнеше миллион теңге өтемақы төлеу міндеттелді.

Соңғы жаңалықтар