Жоғары аудиторлық палата 2025 жылдың І тоқсанында 24 нысанда 4 аудиторлық іс-шараны аяқтады. Бұл туралы ведомствоның ресми мәліметінде хабарланды.
🔹 5,9 трлн теңге көлеміндегі қаражат пен ресурстар қамтылды.
🔹 Анықталған бұзушылықтардың жалпы көлемі 355 млрд теңге болды. Оның ішінде:
-
3,3 млрд теңге — қаржылық бұзушылықтар;
-
287,6 млрд теңге — мемлекет қаражаты мен ресурстарын тиімсіз пайдалану;
-
64,6 млрд теңге — жоспарлау кемшіліктері.
🔹 Қалпына келтірілуі тиіс 3,3 млрд теңгенің 1 млрд теңгесі бюджетке қайтарылды.
Үкіметке 32 ұсыным жолданып, аудит жүргізілген нысандарға 159 тапсырма берілді. Бұл тапсырмалардың орындалуы Жоғары аудиторлық палатаның тұрақты бақылауында болады.
📌 Жалпы, 2025 жылы шамамен 30 аудиторлық іс-шараны аяқтау жоспарланып отыр.