$ 511.37 € 583.73 ₽ 6.46

Қосшыда мектеп мұғалімдері төбелесіп, іс полицияға жетті

Редакция
27 мамыр 2025 17:03 88
Қосшыда мектеп мұғалімдері төбелесіп, іс полицияға жетті Сурет авторы: ЖИ иллюстарциясы

Ақмола облыстық полиция департаменті хабарлағандай, Қосшы қаласындағы IT мектеп-лицейінде екі мұғалім арасында жанжал 1 сәуірде болған. Алайда олар құқық қорғау органдарына тек 22 мамырда жүгінген.

«Қазіргі таңда “Ұрып-соғу” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Соның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – деп мәлімдеді полициядан.

Өңірдің білім басқармасы мұғалімдердің әрекетін педагогикалық әдеп нормаларын бұзу деп бағалап отыр.

«Педагогтардың іс-әрекеті мектептің педагогикалық әдеп кеңесінде қаралады. Кеңес ұсынған шешімге сәйкес, мектеп директоры тиісті шаралар қабылдайды», – деді ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар