$ 511.37 € 583.73 ₽ 6.46

ҰБТ-дан 140 балл жинаған түлекке пәтер сертификаты табысталды

Редакция
22 мамыр 2025 09:40 108
Сондай-ақ Жәнібек жоғары көрсеткіші үшін түрлі сыйлықтарға ие болды
ҰБТ-дан 140 балл жинаған түлекке пәтер сертификаты табысталды Сурет авторы: Түркістан облысының білім басқармасы

Түркістан облысының Ордабасы ауданында ҰБТ-дан ең жоғары — 140 балл жинаған түлек Жәнібек Әбілханға пәтер сертификаты табысталды. Бұл туралы Kazinform агенттігінің тілшісі хабарлады.

Жәнібек мектеп бағдарламасымен қатар, білім беру орталығында қосымша дайындалып, жоғары нәтижеге қол жеткізген. Аталған орталық бұған дейін 140 балл жинаған түлекке пәтер сыйлайтынын әлеуметтік желіде жариялап, уәдесінде тұрды. Салтанатты түрде сертификат Жәнібек пен анасына табысталды.

— Пәтер жас түлектің қай қалада оқитынына қарай рәсімделеді. Егер Астананы таңдаса — баспана елордадан, ал Алматыны таңдаса — пәтер сол жақтан беріледі, — деп мәлімдеді білім беру орталығының өкілдері.

Сондай-ақ Жәнібек жоғары көрсеткіші үшін түрлі сыйлықтарға ие болды.

Мектеп директоры iPhone, аудандық білім бөлімінің басшысы ноутбук, аудан әкімі телевизор сыйға тартты.

Жәнібек ҰБТ-ны “Математика – Информатика” комбинациясымен тапсырған. Ол ауылдағы мектеп-гимназияны аяқтап, Алматыда ақпараттық технологиялар саласы бойынша білімін жалғастырмақ.

Соңғы жаңалықтар