$ 511.37 € 583.73 ₽ 6.46

Түркістан облысындағы балабақшалардың бірінде 24 бала уланып қалды

Редакция
27 мамыр 2025 11:23 72
Түркістан облысындағы балабақшалардың бірінде 24 бала уланып қалды Сурет авторы: almaty.tv

Түркістан облысы Сайрам ауданы Теспе ауылындағы «Нарымбет ата» балабақшасында 24 бала мен 2 қызметкер тағамнан уланып қалды. Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады.

Анықталған мәліметке сәйкес, балабақшада жоспардан тыс тексеру жүргізілгенде санитариялық талаптардың өрескел бұзылғаны белгілі болды. Қызметкерлер мен азық-түлік өнімдерінен алынған сынамалардан оң нәтижелер шыққан.

Департаменттің хабарлауынша, улануға асханада технологиялық процестердің бұзылуы, өнімдерді дұрыс сақтамау және қызметкерлердің жеке гигиенаны сақтамауы себеп болған. Барлық науқастарға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, олар үйлеріне жіберілді.

Қазіргі таңда құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

 
 
 

Соңғы жаңалықтар