$ 511.37 € 583.73 ₽ 6.46

Илон Маск Трамп әкімшілігіндегі қызметінен кетті

Редакция
29 мамыр 2025 09:24 57
Трамптың жақтасы болған Илон Маск күтпеген мәлімдеме жасап, қызметінен кетті
Илон Маск Трамп әкімшілігіндегі қызметінен кетті Сурет авторы: Фото Alex Brandon / AP / TASS

АҚШ-тың танымал кәсіпкері әрі SpaceX пен Tesla компанияларының басшысы Илон Маск Дональд Трамп әкімшілігіндегі Арнайы мемлекеттік қызметкер ретіндегі қызметінен кетті. Бұл ақпаратты Ақ үйдің өкілі Reuters агенттігіне растады.

Маск өзінің X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі парақшасында мемлекеттік басқару тиімділігі департаментіндегі қызметінің аяқталғанын мәлімдеді. Ал Reuters агенттігінің дереккөздері оның отставкасы "аға персонал деңгейінде" қабылданғанын хабарлады.

Илон Масктың нақты қандай себеппен қызметінен кеткені белгісіз. Алайда, бұл шешім оның үкімет ұсынған жаңа салық және шығындар туралы заң жобасын ашық сынға алғаннан кейін бір күннен соң қабылданды.

Соңғы жаңалықтар