$ 511.37 € 583.73 ₽ 6.46

Ақтау теңіз портының басшысы ұсталды

29 мамыр 2025 16:04 55
Ақтау теңіз портының басшысы ұсталды Сурет авторы: portaktau.kz

«Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» АҚ президенті ұсталып, қазір уақытша ұстау изоляторында отыр. Бұл туралы Kazinform агенттігі өз дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

Не себеппен әрі қашан ұсталғаны әзірге белгісіз.

Айта кетейік, Ақтау порты – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорны. Ол шығыстан батысқа, солтүстіктен оңтүстікке және кері бағытта Иран, Түркия, Ресей, Әзербайжан, Түрікменстанға түрлі құрғақ жүк, шикі мұнай және мұнай өнімдерін халықаралық тасымалдауға арналған. Сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағытының қатысушысы.

Соңғы жаңалықтар