$ 511.37 € 583.73 ₽ 6.46

Вашингтонда Израиль елшілігінің екі қызметкерін атып кетті

Редакция
22 мамыр 2025 12:28 89
Атып кеткен адам ұсталарында "Палестинаға бостандық!" деп айғайлаған
Вашингтонда Израиль елшілігінің екі қызметкерін атып кетті Сурет авторы: Jonathan Ernst/REUTERS

21 мамыр күні кешке АҚШ-тың Вашингтон қаласында Capital Jewish Museum еврей музейінің алдында Израиль елшілігінің екі қызметкерін атып кетті, деп хабарлады DW.

Полицияның мәліметінше, 30 жастағы Элиас Родригес есімді Чикаго тұрғыны музей алдында жүрген, кейін ішке кіріп, төрт адамнан тұратын топқа жақындап, олардың екеуін атып өлтірген. Куәгерлердің айтуынша, ол ұсталарында "Палестинаға бостандық!" деп айғайлаған.

Израильдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Дани Данон бұл әрекетті антисемиттік терроризмнің жиіркенішті көрінісі деп бағалады. Ал АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

АҚШ президенті Дональд Трамп қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтып, бұл оқиғаны антисемитизмнің өршуімен байланыстырды. Ол мұндай әрекеттерге қатаң шара қолдану қажет екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар