$ 511.37 € 583.73 ₽ 6.46

Сот Гарвардқа шетелдік студенттерді қабылдауға рұқсат берді

30 мамыр 2025 12:25 65
Сот Гарвардқа шетелдік студенттерді қабылдауға рұқсат берді Сурет авторы: Shutterstock

Бостондағы АҚШ федералдық соты президент Дональд Трамптың Гарвард университетіне шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салу туралы шешімін белгісіз мерзімге тоқтатты. Бұл шешімді 29 мамырда экс-президент Барак Обама тағайындаған судья Эллисон Берроуз шығарды.

Берроуздың айтуынша, бұл шешім «қалыптасқан жағдайды сақтап қалуға» көмектеседі, бірақ істің соңғы шешімі әлі қабылданбады. Осылайша, Ақ үй әзірге Гарвардтың студенттік алмасу және шетелдік студенттерді қабылдау бағдарламасын (SEVP) жүргізуге мүмкіндік беретін сертификатын жоя алмайды.

Еске салайық, 22 мамырда АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм Гарвардты «зорлық-зомбылық пен антисемитизмді қолдады және Қытай Коммунистік партиясымен байланыс орнатты» деп айыптап, SEVP сертификатының күшін жою туралы шешім қабылдаған еді. Келесі күні Гарвард Трамп әкімшілігінің шешімін даулауға Массачусетс федералдық сотына шағым түсірді. Сол күні судья Берроуз Ақ үйге университеттің SEVP сертификатын жоюға уақытша тыйым салды.

Соңғы жаңалықтар