$ 511.37 € 583.73 ₽ 6.46

Қазақстандық сот Lufthansa авиакомпаниясын жолаушыларға өтемақы төлеуге міндеттеді

30 мамыр 2025 10:37 57
Қазақстандық сот Lufthansa авиакомпаниясын жолаушыларға өтемақы төлеуге міндеттеді Сурет авторы: Pixabay

2023 жылғы желтоқсанда Франкфурт-на-Майн – Алматы бағыты бойынша ұшқан Lufthansa ұшағы техникалық себептерге байланысты Астанада қонуға мәжбүр болды.

Адвокат Данильхан Шағатаевтың айтуынша, авиакомпания жолаушыларға өз ақшаларына басқа рейске билет сатып алуды ұсынған, алайда оларға ыстық ас, сусын бермеген, қонақүй де ұсынбаған. Жолаушылар бұл шығындарды өз қалтасынан төлеуге мәжбүр болған.

Сот процесі бір жарым жылға созылды. Нәтижесінде Алматы қаласының Түрксіб аудандық соты Lufthansa-ны әр жолаушыға билет құны, қонақүй ақысы, артық жүк үшін кеткен шығындарды, моральдық зиян мен сот шығындарын өтеп беруге міндеттеді.

Соңғы жаңалықтар