ІІМ комитетінің бұрынғы басшысына жыныстық сипаттағы әрекетке мәжбүрлегені үшін айыппұл салынды

Редакция
19 қараша 2026, 16:54
ІІМ комитетінің бұрынғы басшысына жыныстық сипаттағы әрекетке мәжбүрлегені үшін айыппұл салынды Сурет авторы: shyndyk.kz

Астанада Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің бұрынғы төрағасы Данияр Мейірханға қатысты сот үкімі шықты. Елорданың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты оны кінәлі деп танып, 1500 АЕК көлемінде айыппұл салды.

Үкім 19 қараша күні жарияланды. Данияр Мейірхан Қылмыстық кодекстің 123-бабы 1-бөлігі («Жыныстық қатынасқа немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттерге мәжбүрлеу») бойынша жауапкершілікке тартылды. Айта кетейік, сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Биыл маусым айында сот бұл істің жабық режимде қаралып жатқанын растаған болатын. Сол кезде полковниктің адвокаты Әлия Жаманбаева қорғауындағы азаматқа қызметкер әйелдің айып таққанын айтқан. Қорғаушы бұл айыптауларды негізсіз деп атап, сот отырысын жабық өткізуді жәбірленуші тараптың өзі сұрағанын мәлімдеген еді.

8 сәуірде ІІМ қызметкерлердің шағымдары бойынша тексеру жүргізу уақытына Данияр Мейірханды лауазымынан уақытша шеттеткені белгілі болды. Мамыр айында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов полковникке қатысты сталкинг (аңду) дерегі бойынша қозғалған жеке қылмыстық істің тоқтатылғанын, алайда сот жеке айыптау материалдарын қарап жатқанын хабарлаған. Ал тамыз айында комитет төрағасы болып Абай Жүсіпов тағайындалды.

Данияр Мейірханның бұған дейінгі даулы қызмет жолы

Данияр Мейірхан ішкі істер органдарында 2003 жылдан бері еңбек етіп келеді. Оның есімі бұған дейін де бірнеше рет қоғам назарына іліккен:

Маркер списка 2019 жылы Түркістан қалалық полиция басқармасының бастығы қызметінен шеттетіліп, кейін Түлкібас аудандық бөлімін басқарды.

Маркер списка 2022 жылдың көктемінде алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталғанымен, кейін Антикор қылмыс құрамының болмауына байланысты істі жапты.

Маркер списка 2023 жылдың қыркүйегінде Шымкент қалалық патрульдік полиция полкінің командирі қызметінен босатылды. Сол кезде Мейірхан департаментке тексеру жүргізуді талап етіп, басшылыққа жүйелі жемқорлық белгілері туралы бірнеше рет хабарлағанын ашық мәлімдеген болатын.

Соңғы жаңалықтар