Семейде 11-сынып оқушысы көпқабатты үйдің терезесінен секіріп мерт болды

Редакция
16 қараша 2026, 16:00
Семейде 11-сынып оқушысы көпқабатты үйдің терезесінен секіріп мерт болды Сурет авторы: Depositphotos.com

Семей қаласында 11-сынып оқушысы қайтыс болды — жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін. Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратты растап, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеру бастады. Қайғылы жағдайдан кейін Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ата-аналар тарапынан балаларға көрсетілетін психологиялық қысым мәселесін көтерді.

Оқушының қазасы туралы Informburo.kz хабарлады. Басылымның мәліметінше, жасөспірім көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кеткен. ІІМ Ювеналды полиция басқармасының бастығы Асхат Дүйсембеков 16 қарашада Құрылтайда өткен брифингте бұл деректі растады. «Аталған факт расымен тіркелді. Қазіргі уақытта тексеру амалдары жүргізіліп жатыр», — деді ол. Қайғылы оқиғаның нақты себептері әзірге белгісіз.

Осы брифингте Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ата-аналар тарапынан болатын буллинг мәселесін бөлек пысықтау қажеттігін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл түйткілді ІІМ, ата-аналар қауымдастығы және Әділет министрлігімен бірлесіп талқылау керек. Сондай-ақ министр «Баланың құқықтары туралы» заңға түзетулер енгізетін жиынтық заң жобасы әзірленіп жатқанын және онда кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу тәсілдері қайта қаралатынын жеткізді.

Дегенмен Семейдегі оқушының қазасына буллингтің немесе ата-ана қысымының қатысы бар-жоғы туралы ресми ақпарат әзірге жарияланған жоқ.

Соңғы жаңалықтар