$ 453.65 € 509.99 ₽ 5.31

Елімізде көлік жүргізушілеріне шұғыл ескерту жасалды

Редакция
06 қазан 2026, 10:38
Елімізде көлік жүргізушілеріне шұғыл ескерту жасалды Сурет авторы: DepositPhotos.com

Елдің солтүстігі мен орталығында ауа райы күрт бұзылып, қар жауады деп күтілуде. Осыған байланысты Көлік министрлігі жолға шығатын автокөлік иелеріне ресми түрде хабарлама таратып, сақтық шараларын күшейтуді сұрады.

Синоптиктердің болжамынша, 6–8 қазан аралығында Қазақстанның басым бөлігіне атмосфералық фронттар өтіп, жауын-шашын ұлғаяды. Ауа температурасы төмендеп, жаңбырдың арты қарға ұласады және жел күшейеді. Мұндай қолайсыз ауа райы жолдарда көріну қашықтығын шектеп, көктайғақ қаупін жоғарылатады.

Ведомство өкілдері республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдардағы жағдай тәулік ішінде өзгеруі мүмкін екенін ескертеді.

Осыған орай Көлік министрлігі жүргізушілерге мынадай талаптарды қатаң сақтауды ұсынады:

  •  Сапарға шықпас бұрын бағыт бойынша ауа райы болжамымен және трассалардың ашықтығымен танысу;
  •  Жол жүру уақытын ауа райының қолайсыздығына қарай жоспарлау;
  •  Жылдамдық режимін асырмай, қауіпсіз арақашықтықты сақтау және кілт маневр жасаудан аулақ болу;
  •  Көпірлерде, өткелдерде және жел өтіндегі ашық жол учаскелерінде барынша абай болу.

Сондай-ақ министрлік ауа райы тым нашарлаған жағдайда алыс сапарларды кейінге қалдыруға кеңес береді.

Соңғы жаңалықтар