$ 544.26 € 634.72 ₽ 6.52

Зеленский соғыс аяқталғаннан кейін отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді

Абдрахманов Мағжан
25 қыркүйек 2025 15:18 1002
Зеленский соғыс аяқталғаннан кейін отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді Сурет авторы: ашық дереккөзден

Украина президенті Владимир Зеленский соғыс аяқталған соң өз қызметінен кетуге дайын екенін айтты. Бұл туралы ол Axios басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.

«Менің мақсатым – сайлауға қайта түсу емес, соғысты аяқтау, », – деді Зеленский.

Сұхбат барысында ол соғыс біткеннен кейін өз жұмысын аяқталған деп санайтынын және қажет болған жағдайда Жоғарғы Радаға сайлау өткізу жөнінде өтініш жасайтынын атап өтті.

Алайда президенттің айтуынша, мұндай қадамға бірқатар кедергі бар. Ең әуелі – елдің кейбір аймақтарындағы қауіпсіздік жағдайы және Конституция нормалары. Украина Конституциясы әскери жағдай кезінде сайлау өткізуге тікелей тыйым салады.

Соған қарамастан, Зеленский соғыс аяқталып, атысты тоқтату режиміне қол жеткізілсе, сайлау өткізуді мүмкін деп санайтынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар