$ 537.96 € 630.27 ₽ 6.73

Үндістанда мектептегі папиллома вирусына қарсы екпеден кейін 20 шақты қыздың жағдайы нашарлады

Абдрахманов Мағжан
13 тамыз 2025 14:53 268
Үндістанда мектептегі папиллома вирусына қарсы екпеден кейін 20 шақты қыздың жағдайы нашарлады Сурет авторы: amarujala.com

Үндістанда мектептердің бірінде жатыр мойны рагының алдын алу үшін адам папиллома вирусына қарсы екпе егілгеннен кейін 20 шақты қыздың жағдайы күрт нашарлады (видео). Оқушылардың іші ауырып, басы айналып, тынысы қиындаған. Бұл жөнінде үнді БАҚ-тары хабарлады.

Дәрігерлер дереу көмек көрсетіп, бәрін бақылауға алды. Қазір жағдайлары қалыпты. Ата-аналар мектеп әкімшілігі мен денсаулық сақтау бөліміне алдын ала ескертусіз екпе салғаны үшін наразылық білдірді.

Аурухана әкімшілігі мұндай жеңіл жанама әсерлер кей балада болуы мүмкін екенін айтты. Вакцина Үндістанда 9–14 жастағы қыздарға тегін егіледі.

Ата-аналар болашақта кез келген вакцинация алдында толық ақпарат беріліп, жазбаша келісім алынуын талап етті.

Бұл екпе Қазақстанда да 11-13 жас аралығындағы қыздарға салынады. Талапқа сәйкес, екпені егу екі кезеңнен тұрады. Яғни, алғашқы дозаны алғандар 6 айдан кейін екіншісін қабылдайды. Келешекте папилломаға қарсы екпені ұлдарға да салу жоспарда бар.

Соңғы жаңалықтар