$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Түрмедегілерге кейбір күні 2 сағат серуендеуге рұқсат берілуі мүмкін

Редакция
19 қараша 2025 11:38 236
Түрмедегілерге кейбір күні 2 сағат серуендеуге рұқсат берілуі мүмкін Сурет авторы: Максим Блинов / РИА Новости

Өзбекстанда тергеу изоляторларында отырған адамдарға демалыс және мереке күндері екі сағатқа дейін серуендеуге мүмкіндік беру ұсынылды. Бұл бастама 18 қараша күні өткен Олий Мажлис Қонунчилик палатасының отырысында қаралды, деп хабарлады Qalampir.uz.

Бұны Адам құқықтары жөніндегі өкіл ұсынды. Құжат «Қылмыстық іс жүргізу кезінде қамауда ұстау тәртібі туралы» заңға өзгерістер енгізуді көздейді.

Жаңа түзетулерге сәйкес, ұсталушыларға:

айына бір рет ең төменгі жалақы мөлшеріне дейін (1 271 000 сом) қаражат жұмсап, азық-түлік және ең қажетті заттарды сатып алуға,

демалыс пен мереке күндері таза ауада екі сағатқа дейін серуендеуге,

сондай-ақ жақын туыстары мен өзге адамдардан рұқсат етілген киім мен аяқ киім алуға мүмкіндік берілуі ұсынылды.

Омбудсменның мәлімдеуінше, бұл бастама халықаралық тәжірибеге негізделген. Заң жобасын әзірлеу барысында АҚШ, Швеция, Норвегия, Финляндия, Германия, Канада және ТМД елдерінің тәжірибесі зерделенген.

Депутаттар ұсынысты қолдап, тиісті шешім қабылдады.

Соңғы жаңалықтар