Instagram көптен күткен функцияны іске қосты: Eнді жарияланған стористі өшірмей-ақ өзгертуге болады

Редакция
20 қараша 2026, 10:57
Instagram көптен күткен функцияны іске қосты: Eнді жарияланған стористі өшірмей-ақ өзгертуге болады Сурет авторы: ЖИ иллюстрациясы

Instagram желісінде жарияланып қойған стористерді редакциялау функциясы ресми түрде іске қосылды. Енді қолданушылар жазбаны өшірмей-ақ және жиналған қаралым, лайк пен пікірлерді жоғалтпай-ақ, жарияланған сәттен бастап 15 минут ішінде қателерін түзетіп, сторис мазмұнын өзгерте алады.

Бұл жаңашылдық туралы Instagram басшысы Адам Моссери мәлімдеді. Жаңарту аясында қолданушыларға мынадай мүмкіндіктер беріліп отыр:

  • Стористегі мәтінді түзету;

  • Музыкалық сүйемелдеуді ауыстыру;

  • Стикерлер мен салынған суреттерді өзгерту.

Бұған дейін мұндай түзетулер енгізу үшін жарияланған стористі толығымен өшіріп, қайта жүктеуге тура келетін.

Өзгеріс енгізу үшін жарияланған стористі ашып, экранның төменгі оң жақ бұрышындағы үш нүктелі мәзірді басып, Edit Story бөлімін таңдау жеткілікті.

Сонымен қатар платформа стористерді безендіруге арналған қосымша құралдарды да дайындап жатыр. Жақын арада Instagram-да жаңа қаріптер, түстер мен стикер пішіндері пайда болады. Компания бірнеше фотосуретті таңдау интерфейсін де жаңартып, бұлыңғырлау (размытие), түрлі-түсті және градиентті фондардың жаңа нұсқаларын қосуда.

Соңғы жаңалықтар