$ 470.46 € 543.1 ₽ 5.86

Трамп ФБР басшысы мен бірқатар министрді қызметінен босатуды жоспарлап отыр

Редакция
03 сәуір 2026, 15:49
Трамп  ФБР басшысы мен бірқатар министрді қызметінен босатуды жоспарлап отыр Сурет авторы: РБК

АҚШ Президенті Дональд Трамп әкімшіліктегі негізгі тұлғаларды, соның ішінде ФБР басшысы Кэш Пателді, Құрлықтағы әскер министрі Дэниел Дрисколлды және Еңбек министрі Лори Чавес-Деримерді қызметінен босату мүмкіндігін қарастыруда. The Atlantic басылымының хабарлауынша, бұл шешімдер әлі түпкілікті қабылданбаған, бірақ Ақ үйде қызу талқылануда.

Бұған дейін Бас прокурор Пэм Бонди мен Құрлықтағы әскер штабының бастығы Рэнди Джордждың қызметінен кетуі Трамптың кадрлық саясатындағы жаңа кезеңді көрсетті. Сарапшылар мұндай шұғыл ауыс-түйістерді президенттің Иранға қарсы бағытталған соғыс аясындағы рейтингінің төмендеуімен және сенімді серіктестер іздеуімен байланыстырады.

Сонымен қатар наурыз айында Ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм иммиграциялық қызметтегі даулы өлім оқиғасына байланысты қызметінен кеткен болатын. Ал Пэм Бондидің отставкасына оның Джеффри Эпштейн ісіне қатысты позициясы мен саяси қарсыластарға қарсы жеткілікті деңгейде қатаң шара қолданбауы себеп болған көрінеді.

Президент әкімшілігі бұл өзгерістердің нақты мерзімін әлі жарияламады.

 

Соңғы жаңалықтар