$ 479.02 € 551.11 ₽ 5.82

Тегеранға жасалған соққыдан кейін Иран жоғары лауазымды тұлғаларынан айырылды

Редакция
18 наурыз 2026, 09:41
Тегеранға жасалған соққыдан кейін Иран жоғары лауазымды тұлғаларынан айырылды Сурет авторы: mediabrest.by

Иран билігі «Басидж» әскерилендірілген құрамасының басшысы Голамреза Сулеймани мен Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Лариджанидің қаза тапқанын ресми түрде растады. Мәліметтерге сәйкес, олар Тегеранқаласына жасалған әуе соққысы кезінде көз жұмған, деп хабарлайды DW.com.

Иранға жақын ақпарат көздері Сулейманидің «мәртебелі өліммен» қаза тапқанын хабарлап, Ислам революциясы сақшылар корпусы кек қайтару ниетінен бас тартпайтынын мәлімдеді. Ресми мәлімдемеде оның «теракт құрбаны» болғаны айтылған.

Ұлттық қауіпсіздік кеңесі де Әли Лариджанидің қаза болғанын растады. Бұған дейін бұл ақпаратты Израиль қорғаныс армиясы жариялағанымен, Тегеран алғашында оны растамаған еді.

Исраэль Кац мәліметінше, соққы 16 наурыз күні дәл бағытталған авиациялық шабуыл арқылы жасалған. Иран президенті Масуд Пезешкиан бұл оқиғаға байланысты «қатаң жауап қайтарылатынын» мәлімдеді.

«Басидж» құрылымы ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және наразылықтарды басумен айналысады. Ал Лариджани соңғы кезеңде елдегі саяси және қауіпсіздік мәселелерін үйлестіріп, ядролық бағдарлама бойынша келіссөздерге де қатысқан.

Соңғы жаңалықтар