$ 509.94 € 593.88 ₽ 6.43

"Сауабы әкеме тие берсін": Жұмадан шыққан жамағатқа 500 келі доңыз етін таратқан

Редакция
08 қаңтар 2026, 16:04
"Сауабы әкеме тие берсін": Жұмадан шыққан жамағатқа 500 келі доңыз етін таратқан Сурет авторы: ЖИ иллюстарциясы

Түркияның Айдын қаласында бұрын жабайы доңыз етін саудалағаны үшін бірнеше рет жауапқа тартылған қасапшының мешіт алдында доңыз етінен дайындалған тағам таратқаны туралы мәлімет қоғамда үлкен наразылық туғызды.

Жергілікті ақпаратқа сүйенсек, аталған азамат 2015 жылы жұма күні Ефелер Бей мешітінің алдында әкесінің рухына арнап шамамен 500 келі доңыз етінен дайындалған қуырдақты күрішпен бірге 3 мыңнан астам адамға үлестірген. Бұл дерек қазір басқа қылмыс бойынша түрмеде отырған азаматтың өз ортасына айтқан әңгімесінен кейін белгілі болған.

Aydın Denge басылымының жазуынша, ол кейін бұл жайды бір дін қызметкеріне айтып, «Айдындықтар доңыз етінен жасалған қуырдақты жақсы жеді, қайта-қайта алды. Мен сауап жасадым ба, әлде күнәға баттым ба?» деп сұраған. Айтуларынша, дін қызметкері бұл сұраққа жауап бермей, орнынан тұрып кеткен.

Сондай-ақ қасапшының бұрын да бірнеше рет жабайы доңыз етімен ұсталғаны, бұл еттерді қасапханаларға, шұжық өндірушілерге, мейрамханалар мен қонақүйлерге өткізгені туралы деректер айтылып жүр. Қауіпсіздік қызметі анықтаған ет өнімдері сол кезде жойылғаны хабарланған.

Бұдан бөлек, оның әлеуметтік желіде өзінен доңыз еті сатып алған кәсіпорындарға қатысты «аттарыңды жариялаймын» деген мазмұнда қоқан-лоққы жасағаны да айтылуда.

Соңғы жаңалықтар