Қырғызстанда Садыр Жапаровтың президенттік мерзімі төңірегінде пікірталас күшейді
Сурет авторы: Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі
Қырғызстанда президент Садыр Жапаровтың өкілет мерзіміне қатысты даулы пікірталас өршіді. Таласқа Жапаров билікке келгеннен кейін ел Конституциясының өзгеруі себеп болып отыр. Саясаткерлер мен заңгерлер қазіргі президенттің алғашқы мерзімі аяқталды ма, әлде ол тағы бір жылға созыла ма және Жапаров келесі президент сайлауына қатыса ала ма деген сұрақта ортақ тұжырымға келе алмай отыр. Бұл жөнінде Азаттық радиосы жазды.
Садыр Жапаров 2021 жылғы қаңтарда, бұрынғы Конституция күшінде тұрған кезде, Қырғызстан президенті болып сайланған. Ол кезде Конституция бойынша мемлекет басшысы алты жылға бір ғана мерзімге сайланатын. Алайда сол жылдың мамыр айында жаңа Конституция қабылданып, президенттік басқару жүйесі өзгерді. Жаңа редакцияға сәйкес, бір адам бес жылдан екі мерзімге дейін президент бола алады.
Заңгер Нұрбек Токтакуновтың пікірінше, егер жаңа Конституция қабылданғаннан кейін Жапаров қайтадан сайлауға түссе, құқықтық қайшылық туындамас еді. Алайда қазір президент қайта сайланбағандықтан, ол бұрынғы Конституцияға сәйкес тек бір алты жылдық мерзіммен шектелуі тиіс.
Ал бұл уәжбен келіспейтіндер де бар. Қырғызстанның экс-премьер-министрі Феликс Кулов жаңа Конституцияны қолданысқа енгізу туралы арнайы заңға назар аударады. Оның айтуынша, бұл құжатта Жапаровтың бұрынғы Конституция бойынша сайланған алты жылдық мерзімі жаңа Конституциядағы алғашқы бес жылдық мерзім ретінде есептелетіні нақты жазылған.
Куловтың пайымдауынша, осыған байланысты Садыр Жапаровтың билігі заңды, әрі ол 2027 жылы екінші мерзімге президент сайлауына кандидат ретінде қатыса алады. Сондай-ақ ол қазір мерзімінен бұрын сайлау өткізуді орынсыз санайды. Себебі Қырғызстан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына және ел төрағалық ететін Шанхай ынтымақтастық ұйымының мерейтойлық саммитіне дайындалып жатыр.
Алайда парламенттің бұрынғы депутаты Исхак Масалиев халықаралық іс-шаралар Конституция талаптарын айналып өтуге негіз бола алмайды деп есептейді. Оның айтуынша, Жапаров 2021 жылы алты жылдық бір мерзімге сайланғандықтан, сол кездегі Конституция талаптарын толық орындауы тиіс.
Айта кетейік, әзірге президент Садыр Жапаров, оның әкімшілігі немесе жақтастары бұл мәселе бойынша ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Сондай-ақ Конституциялық сотқа да әзірге ешқандай өтініш түспеген.
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
2 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
5 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
5 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
5 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
5 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
5 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
6 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
6 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
6 күн бұрын