$ 541.82 € 627.1 ₽ 6.78

Қырғызстанда бұрынғы шенеуніктер мен депутаттардың ғимараттарын сүріп жатыр

Абдрахманов Мағжан
05 тамыз 2025 14:46 106
Босаған аумақта халыққа арнап саябақ салу жоспарланып отыр
Қырғызстанда бұрынғы шенеуніктер мен депутаттардың ғимараттарын сүріп жатыр Сурет авторы: kaktus.media

Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ош қаласында бұрынғы шенеуніктер мен депутаттарға тиесілі бірқатар ғимарат сүріліп жатыр.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, бұл нысандар Ақ-Буура өзенінің жағасында, су қорғау аймағында заңсыз салынған.

Алдын ала деректер бойынша, сүрілетін нысандар қатарында:

  • Мемлекеттік салық қызметінің бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері Эрмек Чоюновқа тиесілі стоматология клиникасы;

  • Бұрынғы депутат әрі Жогорку Кенештің экс-спикері Ахматбек Келдібековтің иелігіндегі «Байсан» мейрамханасы;

  • Бұрынғы тораға Асылбек Жээнбековке тиесілі авто-мектеп;

  • Экс-депутат Урмат Аманбаева мен АҚШ-тағы бұрынғы елші Бакытбек Аманбаевқа (ағалы-қарындас) тиесілі бірнеше нысан – кафе, павильондар және басқа да құрылыстар.

Сонымен бірге бұрынғы вице-мэр Нурбек Қадыровтың үйі де сүрілген.

Босаған аумақта халыққа арнап саябақ салу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар