$ 489.99 € 580.25 ₽ 6.38

Қырғызстан қауіпсіздік комитетінің жаңа басшысы тағайындалды: Ташиевтің орнын кім басты?

Абдрахманов Мағжан
17 ақпан 2026, 09:59
Қырғызстан қауіпсіздік комитетінің жаңа басшысы тағайындалды: Ташиевтің орнын кім басты? Сурет авторы: Султан Досалиев

Қырғызстан Жогорку Кенешінің бейінді комитеті Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) төрағасы лауазымына Жұмғалбек Шабданбековтің кандидатурасын мақұлдады. Ол бұл қызметте жақында ғана отставкаға кеткен Қамшыбек Ташиевтің орнына келді.

Жаңа басшының кандидатурасын парламенттегі Президенттің өкілетті өкілі Бектур Зулпиев таныстырды. Жогорку Кенеш депутаттары ешқандай талқылаусыз, бір ауыздан Шабданбековті қолдап, дауыс берді.

Жұмғалбек Шабданбеков туралы не білеміз?

Жаңа төраға – қауіпсіздік саласында 30 жылдан астам тәжірибесі бар маман:

  • Еңбек жолы: Алғашқы жылдары салық қызметінде жұмыс істеген.

  • Тәжірибесі: 1994 жылдан бері ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет етіп келеді.

  • Лауазымы: Осы уақытқа дейін түрлі басшылық қызметтерді атқарған, соның ішінде ҰҚМК төрағасының орынбасары болған.

Айта кетейік, ол 10 ақпаннан бастап ведомство басшысының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалған болатын.

Бұған дейін Президент Садыр Жапаров Қамшыбек Ташиевтің достық қарым-қатынаста екеніне қарамастан, мемлекеттік қызметке қайта оралмайтынын мәлімдеген еді.

Соңғы жаңалықтар