$ 541.82 € 627.1 ₽ 6.78

Қазақстанға бағыт алған австралиялық туристер саны күрт артты

Редакция
05 тамыз 2025 16:19 83
Қазақстанға бағыт алған австралиялық туристер саны күрт артты Сурет авторы: kz.kursiv.media

Австралия мен Жаңа Зеландия тұрғындары арасында Қазақстанға деген қызығушылық күрт артты. Туризммен айналысатын Intrepid Travel компаниясының мәліметінше, биыл Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдеріне баратын туристердің саны пандемиядан бергі көрсеткішпен салыстырғанда 1550%-ға көбейген. Бұл туралы news.com хабарлады.

Мамандардың айтуынша, адамдарды Орталық Азияның әдемі табиғаты, тарихи жерлері және жергілікті халықтың қонақжайлығы қызықтырады. Сонымен қатар, TikTok пен Instagram сияқты әлеуметтік желілерде осы өңірге саяхат туралы видеолар жиі тарап жатыр.

Елге тікелей ұшатын рейстердің көбеюі туристерге жол жүруді жеңілдетіп, қызығушылықты арттырды. Сарапшылар шетелдіктерге қолайлы жағдай жасау үшін Қазақстанда туризм инфрақұрылымын әлі де дамыту керек екенін айтады.

Автор: Рахат Жора

Соңғы жаңалықтар